1. Ақшаны қайтару
1.1 Қызметтің құны Клиентке мынадай тәсілмен қайтарылатын болады:
-
Қолма-қол қаражатпен төленген кезде қайтару да қолма-қола ақшамен жүргізілетін болады;
-
Қолма-қол ақшасыз төленген кезде ақша төлем жүргізілген банк картасына қайтарылады. Ақшаны енгізу мерзiмi картаны шығарған банкке байланысты болады.
1.2 Ақша қаражатын қайтару Клиент қол қойған ақша қаражатын қайтару туралы өтініштің (бұдан әрі – Өтініш) және фискалдық чекті ұсыну негізінде жүргізіледі.
2. КҚ мерзімінен бұрын қайтару және ақша қаражатын қайтару:
2.1 Компанияға КҚ-ын Шартта көрсетілген мерзімнен бұрын қайтарған кезде Компания Шарттың талаптарына және https://rentacars.kz сайтында көрсетілген Прайс-параққа сәйкес қайта есептеуді жүргізуге міндеттенеді;
2.2 Осы Саясаттың 1.1-тармағына сәйкес қайта есептеуден кейін Компания Жалға алушыға пайдаланғаны үшін алынған төлемнің тиісті бөлігін КҚ нақты қайтарылған күннен кейінгі күннен бастап есептей отырып қайтарады. Қайта есептеу ұсынылған жеңілдіктер ескерілмей жүргізіледі.
2.3 Ақша қаражатын қайтару Өтiнiштi алған күннен бастап эмитент банк белгiлеген мерзiм iшiнде Клиенттiң банк картасына жүргiзiлетiн болады.
3. Броннің күшін жою және ақша қаражатын қайтару:
3.1 Клиент КҚ-ын Сайт арқылы немесе телефон қоңырауы, WhatsApp мессенджері арқылы немесе info@rentacars.kz электрондық поштасы арқылы броннің күшін жоюға құқылы.
3.2 Тапсырыс күшін жойған жағдайда (КҚ беру уақытына дейін 3 тәуліктен аз уақытта), КҚ 3 тәуліктен аз мерзімге жалға алған жағдайда төлем жалға берудің барлық мерзімі үшін ұсталады. КҚ-ын 3 тәуліктен асатын мерзімге жалға алған жағдайда, төлемақы жалға алудың кемінде 3 тәулігі үшін алынады. Осы Саясаттың 3.1-тармағына сәйкес қайта есептеу жүргізілгеннен кейін Компания Клиентке пайдаланғаны үшін алынған төлемнің тиісті бөлігін тапсырыстың іс жүзінде күші жойылған күннен кейінгі күннен бастап есептей отырып қайтарады. Қайта есептеу ұсынылған жеңілдіктер ескерілмей жүргізіледі.
3.3 Ақшалай қаражатты банк картасына қайтару Өтінішті алған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3.4Қайтарылатын кепіл Шартта көзделген тәртіппен қайтарылуға жатады.
КҚ-ын брондаудың күшін жою немесе КҚ-ын мерзімінен бұрын қайтарудың
егжей-тегжейлі шарттарын Сіз компанияның кеңселерінен немесе Клиенттерді қолдау қызметінің телефоны арқылы ала аласыз, тел.: +7 (700) 555-11-15
